7.4 Сумен қамтамасыз ету жүйелері
Сумен қамтамасыз ететін техникалық жүйелер кешеніне кіретін – табиғи су көзінен су алатын, оны тазалайтын, суытатын, тұтынушыға тасымалдайтын қондырғылар және құбыр жүйелері. Сонымен қоса, бұған қолданған суды қайта қолдануға дайындайтын қондырғылар жүйесі жатады.
Сумен қамтамасыз ететін жүйелерді ұйымдастыру принципі бойынша: тік ағынды, суды ретпен тұтынуы, қайта қолдануы, каскадты ағынсыз болып бөлінеді. Жер асты сулары температурасы 150 0С - тан аспағанда, әрі өндірістік қажеттілік зор болғанда, әрі су қоры – ауыз су, шаруашылық, өндірістік мақсатта жеткілікті, мол болғанда қолдануға рұқсат етіледі.
Орта шамамен, 70 – 85 % су көлемі суыту мақсатында (қондырғыларды, басқа бөлшектерді ысып кетуден) қолданады. Бұл су ысығаны болмаса, ластанбайды. 5-12 % техникалық сулар түрлі өнімдерді жуу, тасымалдау үшін қолданады. Бұл сулар қоспалармен ластанып, ысиды (тасымалдайтын заттар ыстық болса). 10-20 % техникалық сулар булану нәтижесінде жоғаладйы немесе өнім құрамына кіріп кетеді.
Суды қайта қолдану үрдісінде, оның сапасының өзгеруіне байланысты, «таза» цикл (егер су тек қана ысыса) және «лас» цикл (егер су ластанса) деп бөлінеді. Сумен қамтамасыз ету кіші схемаларды бір тізбелік жүйеге құрастырса, таза су қорын үнемдеуге мүмкіндік туады. Жалпы, ағынсыз жүйлер кешенін құру әдісі – су қорларын ластамау, тиімді пайдалану, үнемдеу мәселелерін шешуде маңызды рөл атқарады. Ол үшін суды қайта өңдеп, ағынсыз әдісі қолдану кеңінен іске асырылады.
Қолданған ағын суларда қышқыл, май, органикалық және белсенді заттар және т.б. болады. Осы ластаулардан суды түрлі әдістермен (механикалық, химиялық, биологиялық, физикалық т.б.) тазартады. Ол үшін қолданатын күрделі қондырғыларға – тік және көлденең шөгінді жинағыштар, гидроциклондар, ірі торды сүзгіштер т.б. жатады.
Көлденең шөгінді жинағыштар дегеніміз – тік бұрышты темір бетоннан жасалған су бассейіні, тереңдігі - 1,5 - 3 м, әр 5-6 м қашықтықта су деңгейін бірыңғай арнай бөгеттер орнатады. Радиалды шөгінді жинағыштар шеңбер пішінді, су ортасындағы диаметрі 4-8 м қуыстан келеді де шеттеріне қарай ағып, ондағы тесіктерден ағып кетеді.